Маңғыстау облысы
Мұнайлы аудандық білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылдық округі, Дәулет ауылы,
24 орам (ескі №4 орта мектеп), ғимарат-55

Сенім телефоны:
8(7292)34-99-05

Бөлім жаңалықтары

26 мамыр 2020

6 жасар алғыр бала

Мұнайлы ауданының тұрғыны 6 жасар Жігер Берікбайұлы 200-ден астам елдің астанасын жатқа біледі. Сондай-ақ, туын, президентін, валютасы мен қысқаша тарихын мүдірмей айтады. 4 жасында кітап оқып бастаған. Басқұдық ауылындағы №9 мектептің оқушысы бос уақытында ағылшын, орыс, араб тілін үйреніп жүр.

Вундеркинд Жігерді көргіміз келіп, телеарнаға қонаққа шақырдық. Арна қызметкерлері зерек балаға дүние жүзінің картасы мен оқушы энциклопедиясын сыйлады.

Карантинде құр жатпай, уақытын тиімді пайдаланған дарынды бала туралы толығырақ «Маңғыстау» телеарнасының жаңалықтарынан көріңіздер.  





1 шілде 2020

30 маусым күні аудан түлектерінің бесінші легі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты

Ауданның  №5, №6, №7 орта мектептерінен  227 түлек  ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп, оның 225-і  қатысты. 

1 шілде 2020

29 маусым күні аудан түлектерінің төртінші легі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты

Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар! 

29 маусым 2020

Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар!

28 маусым күні аудан түлектерінің үшінші  легі  Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.  

29 маусым 2020

Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар!

26 маусым күні Мұнайлы ауданы түлектерінің алғашқы легі  Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.  

24 маусым 2020

ZOOM платформасы арқылы Мұнайлы аудандық білім бөліміне

2020 жылдың 23 маусым күні ZOOM платформасы арқылы Мұнайлы  аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының басшыларымен  жиналысы өтті. 

23 маусым 2020

Мұнайлы аудандық білім беру ұйымдарының ҰБТ тапсыратын кестесі.

...

23 маусым 2020

ҰБТ тапсыратын кезде

А.ж 19 маусым күні аудандық полиция бөлімінің мамандары арқылы ҰБТ тапсыратын  кезде  тасымалды қажет ететін оқушылар үшін аудан бойынша  бөлінген 4 мектеп автобустарының  техникалық жағдайына тексеру жұмыстары жүргізілді. 

23 маусым 2020

YESSENOV FEST 2020

Республикалық «YESSENOV FEST 2020» аясында өткен «YESSENOV» республикалық пәндік олимпиадасының ІІ орын иегері N14 жалпы білім беру орта мектебінің 11«ә» сынып оқушысы Сатов Бауыржанды марапатымен құттықтаймыз!Биік шыңдарды бағындыра бер! 

10 маусым 2020

Ұлттық ғылыми - практикалық дене тәрбиесі орталығы​ мен Джамп Роуп және Роу

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми - практикалық дене тәрбиесі орталығы​ мен Джамп Роуп және Роуп скиппинг Федерациясының бірлесіп ұйымдастыруымен оқушылар арасында Джамп Роуп (скакалкамен секіру) бойынша тұңғыш рет онлайн турнир өтті. 

10 маусым 2020

Мұнайлы аудандық білім бөлімі мен білім беру ұйымдарының сенім телефондары!!

...

4 маусым 2020

Birgemiz:Түлек- 2020

Ағымдағы жылғы 3-4 маусым аралығында ауданымыздың білім беру ұйымдарында "Birgemiz:Түлек- 2020" тұжырымдамасына сәйкес, мектеп бітіруші түлектерге аттестат табыстау салтанатты жиыны өтті.  

26 мамыр 2020

Құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Жас түлектер! ​Сіздерді соңғы қоңырау салтанатымен шын жүректен құттықтаймын! Сыңғырлаған қоңырау үні – бұл мектеп қабырғасынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне етене жақын. Өйткені, алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солыңды танып, қанаттанған ​ бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. ...

26 мамыр 2020

6 жасар алғыр бала Мұнайлы ауданының тұрғыны 6 жасар Жігер Берікбайұлы 200-ден астам елдің астанасын жатқа біледі. Сондай-ақ, туын, президентін, валютасы мен қысқаша тарихын мүдірмей айтады. 4 жасында кітап оқып бастаған. Басқұдық ауылындағы №9 мектептің оқушысы бос уақытында ағылшын, орыс, араб тілін үйреніп жүр. Вундеркинд Жігерді көргіміз келіп, телеарнаға қонаққа шақырдық. Арна қызметкерлері зерек балаға дүние жүзінің картасы мен оқушы энциклопедиясын сыйлады. Карантинде құр...

20 мамыр 2020

2020 жылдың 18 мамырында «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбында онлайн форматында республикалық «Адалдық сағаты» акциясына орай  N1 жалпы білім беру орта мектебінде 9-11сыныптарға сынып сағаты  өткізілді. Мақсаты: Жақсы біліммен қатар, әділдік, парасаттылық, сенім құндылықтарының маңызын түсіндіру. Бәсекеге қабілетті, жемқорлыққа төзбейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу.  Сынып сағатында Абай атамыздың ғибраты мол  қара сөздеріне тоқталып,  ақын  өлеңдерінен «бес асыл іс, пайда ойлама , ар ойла,...

20 мамыр 2020

Аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Овезовтің төрағалығымен 20 мамыр күні білім беру ұйымдары директорларының қатысуымен  онлайн режимде аппараттық жиналыс өтті. Жиналыста білім беру ұйымдарында  2019-2020 оқу жылын аяқтау, мектептерде «Birgemiz:ТҮЛЕК-2020» атты бітірушілерге арналған салтанатты шараны ұйымдастыру және өткізу, ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүру барысы, білім беру ұйымдарындағы бейнебақылау жүйелерін жаңарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талданып, нақты  тапсырмалар...

15 мамыр 2020

Патриоттық сезімді, азаматтық жауапкершілікті және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық әндерді насихаттау, талантты орындаушыларды анықтау мақсатында 13 наурыз – 6 мамыр аралығында мұғалімдер арасында патриоттық әндер мен көркемсөз оқудан сырттай байқауында  "Патриоттық әндер"  номинациясы бойынша жүлделі  І орынды иеленген  №13 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі Мөлдір Махметқызын ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Биік белестерді бағындырып, алар асуларыңыз көп болсын  ...

15 мамыр 2020

Бүгін аудандық білім бөлімінің басшысы Овезов Есен Орынбасарұлы білім беру ұйымдарындағы "Алтын белгі" үміткерлерімен ZOOM платформасы арқылы жүздесіп, әңгімелесті.  Әңгіме  үміткерлердің қазіргі уақытта жарияланған шектеуге қатысты қашықтан оқулары мен  ұлттық бірыңғай тестілеуге  дайындықтары туралы өрбіп, Есен Орынбасарұлы өз тарапынан  ұсыныс пікірін, əрдайым жалқаулыққа салынбай ,оқып ,білім алып ,үздіксіз ізденісте болғанда ғана , еткен еңбегіңнің өтеуін , жемісін көретінін айта келе,...

13 мамыр 2020

Қуанышты жаңалық!!!Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін дәріптеу мақсатында 23 сәуір – 6 мамыр аралығында облыстық «Менің әкем майдангер» атты  сырттай эссе байқауы өткізілді.Байқаудың облыстық кезеңіне жалпы орта білім беру ұйымдарынан  барлығы 17 оқушы қатысты.Нәтижесінде: Мұнайлы ауданының N9 жалпы білім беру орта мектебінің оқушысы Жеңісбайқызы Әсел I -орын иеленді.Жеңісіңіз құтты болсын!@munaily_9mektep  ...

13 мамыр 2020

Қуанышты жаңалық!!!Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін дәріптеу мақсатында 23 сәуір – 6 мамыр аралығында облыстық «Менің әкем майдангер» атты  сырттай эссе байқауы өткізілді.Байқаудың облыстық кезеңіне жалпы орта білім беру ұйымдарынан  барлығы 17 оқушы қатысты.Нәтижесінде: Мұнайлы ауданының N9 жалпы білім беру орта мектебінің оқушысы Жеңісбайқызы Әсел I -орын иеленді.Жеңісіңіз құтты болсын!@munaily_9mektep  ...

13 мамыр 2020

Республикалық "Абай әлемі" атты онлайн байқауында өз қабілеті мен дарынын көрсетіп,  жүлделі ІІІ орын иеленген N13 мектеп-гимназиясының 9 "б" сынып оқушысы Мұңғалбай Сұлушаш, жетекшісі Молдахметова Амангул Нурбаевнаны ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!@munaily_13mektep_gymnasium  ...

6 мамыр 2020

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай, Мұнайлы аудандық білім бөлімі, білім үйлестіру орталығы "Әкеге қарап ұл өсер" атты қашықтықтан байқау ұйымдастырылды. Мақсаты: мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне қазақ отбасындағы әкенің орынының ерекше екенін ұғындыру. І-орынды "Гүлдер" жекеменшік балабақшасы, ІІ-орынды 7"Айналайын" балабақшасы мен "Ақмаржан-Мұнайлы" балабақшасы, ІІІ-орынды "Рабиға" жекеменшік балабақшасы мен 6"Өркен" балабақшасы және 9"Бәйтерек" балабақшасы иеленді.   ...

5 мамыр 2020

Аудандық білім бөлімінің  Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс- шаралар жоспарына сәйкес, оқушыларды патриоттыққа, отансүйгіштікке, батылдыққа тәрбиелеу, ата- анасы баласымен ұшақ жасау , ұшақты  безендіру және ұшыру мақсатында  қашықтықтан өткізілген байқауға қатысушы N8 орта мектептің  2 сынып оқушысы Маратқызы Жаннұрға  сәттілік тілейміз!#Mngbirgemiz#Jenis75mng#Bilimmng#jenisanabala#OOӘжҚББО#ООӘжҚББОтәрбие  ...

5 мамыр 2020

2020 жылдың 2-3 мамыр күндері өткізілген, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары арасында республикалық онлайн турнирінен қыздар арасынан Атамекен ауылы, N7 орта мектеп оқушысы Тугузбаева Жансая 2-орын иеленді. Мектептегі жетекшісі Төлегенова Ақмаржан және Атамекен аула клубындағы жетекшісі Қарабалаев Абылай.Ауданның жетістігі құтты болсын!  ...

5 мамыр 2020

Аудандық білім бөлімінің іс жоспарына сәйкес білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен, Ұлы Жеңістің  75 жылдығына арналған мұғалімдері арасында өткен Патриоттық әндер байқауында N13 мектеп- гимназиясының музыка пәні мұғалімі Қызыл Мөлдір Махмедқызы облыстық кезеңге жолдама алды. Əріптесімізге сәттілік тілейміз!  ...

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

16


Мектептер


Оқушылар саны

29509

Ұлдар: 15401 (52.2%)
Қыздар: 14108 (47.8%)


Мұғалімдер саны

2292

Ерлер: 336 (14.7%)
Әйелдер: 1956 (85.3%)

ҚР мемлекеттік рәміздері